Актерлер арасында қазақ күресінен «Театр барысы» турнирі өтеді

24 Наурыз 2023, 08:29
905
Бөлісу:
Актерлер арасында қазақ күресінен «Театр барысы» турнирі өтеді
Фото: turkystan.kz

28 наурыз сағат 16:00-де елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен театрлар арасында «Театр барысы» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Турнирдің басты мақсаты – еліміздің театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу, сондай-ақ Қазақстанның театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.

Жарысқа еліміздің 17 облысындағы театр және кино актерлерімен қоса Қобыланды Болат және Саят Мақұлбаев сынды жалпы есепте 48 актер қатысады.

Жоба авторы – Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының, «Ерен еңбегі» үшін төсбелгісінің иегері, театр және кино актері, үш дүркін «Өнер барысы», Музыкалық жас көрермен театрының актері Асылхан Төлепов.

Өзгелердің жаңалығы