Алдағы бір жылда қоғам назары Парламентте болады – сарапшы

29 Наурыз 2023, 17:16
1358
Бөлісу:
Алдағы бір жылда қоғам назары Парламентте болады – сарапшы
Фото: спикерден

Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Риззат Елубаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуы мен оның құрамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жаңа шақырылымдағы Мәжіліс нақты қоғамдық пікір көшбасшыларының түрлі палитрасына толы. Біз мұны сайланған депутаттардың қорытынды тізімінен аңғарған болатынбыз. Енді алдағы уақытта бұл Парламент отырыстарындағы, жалпы саяси аренадағы ой алуандығына әкеледі деген сенім мол. Ал ой алуандығы бәсекелестікке жол ашатыны белгілі. Аңғарған болсаңыздар, қызықты фактілердің бірі – бұған дейін парламенттік тізіммен өткен депутаттардың көбі осы ретте бірмандаттық округтер бойынша партия атынан емес, өзі жеке кандидат ретінде қатысқан болатын. Сондай-ақ бұлардың көбі дауыс жинай алмаған. Яғни партиялық тізім бойынша кандидаттардың арасында екінші де, үшінші де емес, төртінші, бесінші, соңғы дауысы ең аздары басым болды. Партиялық тізім бойынша сайланған депутаттарды ескерілгендігі анық, - деп атап өтті институт өкілі.  

Бұл партияның атын жамылмай, керісінше, өзінің атын шығаруға тырмысуға жол ашады деп отыр. 

Екінші мәселе – бүгін өткен жаңа шақырылымның алғашқы отырысында Президент жауапкершілікке қатысты жайтты атады. Партиялардың есептілігі мен жауапкершілігі артуы керек. Ол үшін олар өздерінің сайлауалды бағдарламаларына берік екендіктерін көрсетуі қажет. Үкіметті тағайындау кезінде партиялардың үлесінің артуы, билік басындағы партияның, Премьер-министрдің ұсынуы да соның айғағы, - деді Риззат Елубаев. 

Сонымен қатар жауапкершіліктен бас тарту неге әкелуі мүмкіндігін атады. 

Жауапкершіліктен бас тарту сілтеме саясатқа алып келді. Президенттің бүгінгі таңда көздеп отырғаны – сілтеме саясаттан нақты істер саясатқа көшу. Бұл – үлкен жүктеме. Алдағы уақытта жаңадан жасақталатын Үкімет құрамы және Парламентке халықтың назары ауады және оларды қадағалайды. Осы ретте біршама тәуелсіз кандидаттар, оппозиция тарапынан кандидаттар сайлауда жеңіске жете алмады. Олар да алдағы уақытта бірмандатты округ бойынша сайланған депутаттардың өздеріне алған міндеттерін бақылауға алады. Өйткені мандатты кері қайтарып алу мүмкіндігі бар. Алдағы бір жылда қоғам назары Парламентте болады деп сеніммен айта аламын, - деді сарапшы. 

Өзгелердің жаңалығы