Алдағы демалыста күн райы қандай болады

19 Сәуір 2024, 19:47
301
Бөлісу:
Алдағы демалыста күн райы қандай болады
Фото: BAQ.KZ - архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Антициклон сілемі еліміздің көптеген аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттардың өтуімен өткінші жауын-шашын болады. Батыс және оңтүстік облыстарда шаңды дауылмен екпінді жел күшейеді.

Күндізгі температура батыста және оңтүстікте 25-32 градус жылыға дейін, солтүстікте және орталықта 20-28 градус жылыға дейін ысиды, ал еліміздің шығысында 17-25 градус жылыға дейін аздап жоғарылайды.

Өзгелердің жаңалығы