Әлемде коронавирусқа 761 млн адам шалдықты – ДДСҰ

23 Наурыз 2023, 17:08
741
Бөлісу:
Әлемде коронавирусқа 761 млн адам шалдықты – ДДСҰ
Фото: okd-center.ru

Биыл 20 ақпан мен 19 наурыз аралығында әлемде 3,7 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 26 мыңнан астамы қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қазақпарат жазды. Өлім-жітім алдыңғы 28 күнмен салыстырғанда 46% төмендеп, вирусты жұқтырғандар 31% азайды, деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ).

ДДСҰ ақпараттық бюллетеніне сәйкес, төрт аптада әлемде 3 738 575 адам коронавирус жұқтырса, олардың 26 147-і көз жұмған.

28 күн ішінде ең көп сырқаттанғандар АҚШ-та тіркелді – 792 202. Одан кейінгі орындарда Ресей (339 564), Қытай (320 029), Жапония (291 672) және Германия (281 468) тұр. 20 ақпан мен 19 наурыз аралығында қайтыс болғандар саны бойынша да АҚШ көш бастап тұр – 8 187. Одан кейінгі қатарда Ұлыбритания (2 474), Жапония (1 898), Бразилия (1 587) және Қытай (1 472) бар.

ДДСҰ-ға түскен ақпарат бойынша, пандемия басталғаннан 21 наурызға дейін әлемде 761 071 826 адам коронавирус жұқтырған және 6 879 677 адам қайтыс болған.

Өзгелердің жаңалығы