Алматыда кітап жәрмеңкесі өтеді

1 Сәуір 2023, 10:27
1052
Бөлісу:
Алматыда кітап жәрмеңкесі өтеді
Фото: KitapFest

Алматыда 1 сәуір күні Шоқан Уәлиханов атындағы сквер аумағында жыл сайынғы «Алматы кітап жәрмеңкесі» өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға 20-дан астам отандық баспа мекемесі мен кітап дүкендері қатысады. Жәрмеңке аясында мерекелік концерт өтіп, отандық әншілер өнер көрсетеді. Жәрмеңке аясында қала тұрғындары мен қонақтары іздеген кітабын тауып қана қоймай, түрлі мәдени іс-шаралардың куәсі болады. 

Ақындар, өлеңге таласы бар оқушылар жырдан шашу шашады. Қабырғалы ақын-жазушылар кітаптарының тұсаукесерін жасап, қолтаңба беру рәсімін өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы