Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні қалай тойланады

1 Мамыр 2024, 10:01
322
Бөлісу:
Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні қалай тойланады

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше тойланады, деп хадарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 1 мамырда Абай алаңында «Береке – бірлікте» жалпыреспубликалық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккендерге көмектескен еріктілерді, белсенді азаматтар мен мәдениет қайраткерлері марапатталады.

Мереке концерттік бағдарламамен, қайырымдылық акцияларымен, жәрмеңкелермен және байқаулармен жалғасады.

Одан түскен ақша су тасқыны салдарын жою үшін «Демеу Қазақстан қоры» қорына аударылады.

11:00-ден 14:00-ге дейін Республика сарайының алдында қайырымдылық жәрмеңкесі мен гастрофестиваль өтеді, онда 10-нан астам мейрамхана түрлі ұлттың тағамдарын ұсынады.

Кешке сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін Абай атындағы алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Maxi Fest қайырымдылық концерті өтеді.

Өзгелердің жаңалығы