Ақмола облысында 3 млн текше метрден астам су сорылды

19 Сәуір 2024, 22:51
355
Бөлісу:
Ақмола облысында 3 млн текше метрден астам су сорылды
Фото: gov.kz

Қазіргі уақытта облыс бойынша негізгі сыни кезең өткенімен, екі өңірде, Жарқайың және Есіл аудандарында су тасқыны жағдайы тұрақты-шиеленісті режимде сақталып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Өңірлердегі су тасқыны жағдайы үнемі бақылауда.

Жергілікті атқарушы органдардың және азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарымен елді мекендерді су басуға жол бермеуге және халыққа келтірілген залалды барынша азайтуға бағытталған барлық қажетті су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Елді мекендерді қорғау үшін ұзындығы 44 мың метр үйінділер тұрғызылып нығайтылды, 3 млн текше метрден астам су сорылды, 300 мыңнан астам инертті материал салынған қапшықтар төселді, 85 км-ден астам каналдар мен арықтар тазартылды және тереңдетілді, 1443 су өткізу құрылыстары тазартылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 1432 адам, 280 техника, 16 жүзу құралдары, 68 мотопомпалар жұмылдырылды.

ТЖ департаменттерімен, полиция департаментімен және әскери қызметшілермен өзара іс-қимыл аясында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуді күшейту үшін қосымша күштер мен құралдар жұмылдырылды. Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары мен офицерлері белсенді көмек көрсетуде. Сондай-ақ, су тасқыны салдарын жоюға еріктілер де қатысуда.

18 мыңнан астам мал уақтылы эвакуацияланды, бұл су тасқыны кезеңінде олардың өліміне жол бермеуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда эвакуацияланған 2580 тұрғын үйлеріне оралды.

Облыстағы су тасқыны жағдайы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тұрақты бақылауда.

Өзгелердің жаңалығы