Ақтау қаласының прокуроры тағайындалды

1 Ақпан 2023, 19:10
1391
Бөлісу:
Ақтау қаласының прокуроры тағайындалды

Бас Прокурордың бұйрығымен Ақтау қаласының прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Тұрмағамбетов Ержан Сисенбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ержан Сисенбайұлы 1974 жылы дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2004 жылы Атырау облысының прокуратурасында бастаған. Прокуратура органдарында тәжірибесі мол. 

Атырау қаласы прокуратурасының бөлім басшысы, Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасының бөлім басшысы, бөлім бастығы, кейін Бас прокурордың көмекшісі қызметтерін атқарған. 

2017 жылдың қазан айынан бастап Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы