Әскери қызметшілер қарулы қақтығыстар құқығын зерделеуде

29 Наурыз 2023, 20:28
964
Бөлісу:
Әскери қызметшілер қарулы қақтығыстар құқығын зерделеуде
Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматы қаласының Бітімгерлік операциялар орталығында Қорғаныс министрлігі мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Қазақстан Республикасындағы миссиясы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарына сәйкес қарулы қақтығыстар құқығы тақырыбында курс ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Курстың ашылу салтанатында Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин әскери қызметшілердің халықаралық гуманитарлық құқық саласынан хабардар болу деңгейін арттыруға қосқан үлесі үшін Халықаралық Қызыл крест Комитеті миссиясының өкілдеріне алғысын білдірді. 

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл Крест комитеті миссиясының басшысы Желько Лежая курс өткізетін орын ұсынғаны үшін орталық басшылығына алғысын білдірді.

Курс барысында Қарулы күштердің, ІІМ, ТЖМ және ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері БҰҰ бітімгершілік операцияларында қолданылатын халықаралық гуманитарлық құқық нормаларымен, соғыс жүргізуде тыйым салынған құралдарымен, теңдік және әскери қажеттілік, сондай-ақ мәдени құндылықтарды қорғау қағидаттарымен танысады. 

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификаттар табыс етіледі.

Өзгелердің жаңалығы