Астанада 2500-ге жуық жол жұмысшысы қар тазалауға шықты

28 Наурыз 2024, 16:46
315
Бөлісу:
Астанада 2500-ге жуық жол жұмысшысы қар тазалауға шықты
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы ауысымдық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен түнде қаладан 3,3 мың текше метр қар шығарылды.

28 наурызға қараған түні коммуналдық қызметтер Астанадан 274 рейспен 3,3 мың текше метр қар шығарды.

28 наурыз күні таңертең қар күреуге 2500-ге жуық жол жұмысшысы және мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, қалада қар мен мұзды жинау тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазартылады.

Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 501 мыңнан астам рейспен 6,7 миллион текше метрден астам қар шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы