Астанада «Набат операциясы» фильмінің тұсаукесері өтті

1 Мамыр 2024, 19:37
407
Бөлісу:
Астанада «Набат операциясы» фильмінің тұсаукесері өтті
Фото: gov.kz

«Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы «Набат операциясы» драмалық экшн-фильмін ұсынды. Фильмді режиссер Рашид Сүлейменов түсірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Картина шынайы оқиғаға негізделген және 1992 жылы жасалған арнайы операция туралы баяндалады. Түрмеден қашқан тұтқындар автобус жолаушыларын кепілге алып, оларды қазақстандық құқық қорғау органы қызметкерлері құтқарады. Көрсетілімге мемлекеттік органдар, киноиндустрия өкілдері және басты рөлдерді сомдаған актерлер қатысты. «Қазақфильм» президенті Азамат Сатыбалдының айтуынша, бұл фильм биыл Ұлттық киностудия түсірген тұңғыш премьера.

Жалпы, біз биыл тағы 9 фильм түсіруді жоспарлап отырмыз. Көрсетілімді «Набат операциясы» фильмінен бастадық. Фильм 1992 жылғы оқиға туралы ғана емес. Көрермен фильмнен жақсылық пен жамандықтың күресін, адами қасиеттер мен батылдықтың айқын көрінісін көре алады, – деді ол.

Фильмді 2 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалауға болады.

Өзгелердің жаңалығы