Атырау облысында оқушы аудан мектептерін террористік актілермен қорқытқан

19 Сәуір 2024, 18:23
274
Бөлісу:
Атырау облысында оқушы аудан мектептерін террористік актілермен қорқытқан
Фото: Polisia.kz

Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД АТО бөлімімен бірлесіп, облыс мектептерінің бірінің тоғызыншы сынып оқушысын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жасөспірім анонимді Telegram-арна құрып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде террористік акті жасалатыны туралы хабарлама жариялаған.

Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған. Қазіргі уақытта оның осындай басқа да Telegram-арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы