Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

2 Мамыр 2024, 01:12
514
Бөлісу:
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Фото: BAQ.KZ архив

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлім етті.

1. Ақмола облысы:

1 мамырда сағат 00:00-де ауа райының күрт өзгеруіне байланысты “Астана-Ерейментау-Шидерті” автомобиль жолының 16-200 шақырымында (Астана қ. - Павлодар облысының шекарасы учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

 

2. Павлодар облысы:

1 мамырда 00:00-де Ақмола облысында ауа райының күрт өзгеріне байланысты “Астана-Ерейментау-Шидерті” автомобиль жолының 200-254 шақырымында (Ақмола облысының шекарасы - Шидерті а. учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Өзгелердің жаңалығы