«Ауыл» партиясы депутаттыққа кандидаттардың тізімін жариялады

4 Ақпан 2023, 15:04
3234
Бөлісу:
«Ауыл» партиясы депутаттыққа кандидаттардың тізімін жариялады

Бұл туралы елордада өткен «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Партиялық тізім бойынша 25 адам, мажоритарлық жүйе бойынша 9 адам кандидат болады. 

Біз ауылдың қызығушылығын, еліміздің халқының кем дегенде жартысының қызығушылығын ұсынамыз. Сондықтан «Ауыл» партиясы Парламент сайлауына нақты әрі өтімді бағдарламасымен қатысады, - деп атап өтті партия төрағасы Әли Бектаев. 

Партиялық тізім бойынша кандидаттар:  

1. Жигули Дайрабаев;

2. Қарақат Әбден;

3. София Әбдіразақова;

4. Қайрат Айтуғанов;

5. Николай Арсютин;

6. Әскер Ахметжанов;

7. Анас Баққожаев;

8. Анна Данченко;

9. Ілияс Досқожаев;

10. Серік Егізбаев;

11. Аян Зейнуллин;

12. Әлібек Қантай;

13. Дәулеткерей Кәпұлы;

14. Болатбек Қыстауов;

15. Алмас Мұхаметов;

16. Светлана Прокопьева;

17. Дәурен Рахымбек;

18. Тамила Розметова;

19. Айдар Саттаров;

20. Ерболат Саурықов;

21. Қуаныш Сейтжанов;

22. Таңсәуле Серіков;

23. Рабиға Тоқсейітова;

24. Айбын Төреханов;

25. Жандос Тұрсынғалиев.

Мажоритарлық жүйе бойынша кандидаттар:  

1. Төлеутай Рахимбеков;

2. Самат Ескендіров;

3. Нартай Ысқақов;

4. Ербол Көбентай;

5. Берікжан Қайыпбай;

6. Ербол Әбдірайымов;

7. Нұркен Қаржаубаев;

8. Нұртас Байжанов;

9. Ермек Байтуғанов.

Еске сала кетейік, бұған дейін президенттікке кандидат болған Қарақат Әбденнің «Ауыл» партиясына кіргені туралы жазған едік. 

Өзгелердің жаңалығы