Автонесие: 761 адамның кейбірінің өтініші кері қайтарылуы мүмкін

6 Ақпан 2023, 16:36
1184
Бөлісу:
Автонесие: 761 адамның кейбірінің өтініші кері қайтарылуы мүмкін
Фото: elorda.info

Бұл туралы жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауға арналған пилоттық жобаның нәтижелері жөніндегі баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева 4 пайыздық автонесие ресімдеудің алғашқы легіне тіркеліп үлгерген 761 адамның кейбірінің өтініші кері қайтарылуы мүмкін екенін мәлім етті.

Кейбір азаматтардың өтінімі тіркелгенімен несие ресуімдеуден бас тартылуы ықтимал. Ондай адамдар несие алғандар тізіміне кірмейді. Яғни, келесі айда платформа ашылғанда қайта кезекке тұра алады. Ал олардың орнына басқа өтінім алынбайды, – деді спикер.

Сондай-ақ автонесиелеу бойынша тіркелген адамдар несие рәсімдеу жұмыстарын 60 күн ішінде аяқтауы тиіс.

Бүгін платформаға тіркелгеннен кейін өтініш беруші автосалонға және банкке барып, өз жұмыстарын жалғастырады. Осы платформа арқылы тіркелген азаматтарды автоөндірушілер 60 күн ішінде автокөлікпен қамтамасыз етеді деп жоспарланған, – деді Ибрашева.

Өзгелердің жаңалығы