Барбастау-Ақжайық-Индер тас жолындағы құрылыс қашан аяқталады

1 Мамыр 2024, 15:37
490
Бөлісу:
Барбастау-Ақжайық-Индер тас жолындағы құрылыс қашан аяқталады
Фото: Архив BAQ.KZ

Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Барбастау-Ақжайық-Индер бағытындағы тас жолда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірдегі құзырлы басқарма облыстық маңызы бар Барбастау-Ақжайық-Индер тас жолының 43-93 шақырымы аралығында қолға алынған жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары биылғы жылы аяқталатынын нақтылады.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2021-2024 жылдар. Бүгінгі күнге дейін 43,4 шақырым жол төселіп, жұмыстардың 85%-ы орындалды.

Аталған нысанды аяқтау үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 3,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде жұмыстарды жалғастыру үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2024 жылы Барбастау-Ақжайық-Индер автомобиль жолының 93-145 шақырымы аралығында күрделі жөндеу жұмыстары басталатыны нақтыланады.

Бүгінгі күнге мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер аяқталып, мердігер ұйым - "Uniserv" ЖШС анықталды. Нысанда жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады, - делінген облыстық басқарма хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы