Білім басқармасы: Астана мектептері қалыпты режимде оқып жатыр

19 Сәуір 2024, 11:31
895
Бөлісу:
Білім басқармасы: Астана мектептері қалыпты режимде оқып жатыр
Фото: Арман Мухатов - архив

Әлеуметтік желілерде елорда мектептерінде теракт болатыны жайлы ақпарат тарады. Қаланың Полиция департаменті мен Білім басқармасы хабарламаның жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Білім басқармасы мектептер қалыпты режимде оқып жатқанын мәлімдеді.

Астана қаласының Білім басқармасы хабарлайды. Қазіргі таңда Астана мектептерінде барлық оқушылар штаттық тәртіпте оқып жатыр. Екінші ауысымның оқушылары да штаттық тәртіпте оқиды, - деді басқарма.

"Ужас Астана" телеграм арнасында жантүршігерлік хабарлама тарады. Онда 60, 83, 62, 15, 53, 72, 1, 17, 58, 3, 41, 64, 35, 11, 32, 79, 22, 30, 84, 72, 78, 47, 89, 36, 83, 93, 21, 14, 20, 2, 6, 90, 29, 52, 68, 77, 25, 27 мектептерінде теракт болатыны айтылған. Тіпті, теракт ұйымдастырушылардың саны 20 адам екені де жазылған болатын. 

Еске сала кетейік, жалған ақпарат таратқандар заңмен жазаланады.

Өзгелердің жаңалығы