Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

19 Сәуір 2024, 08:10
210
Бөлісу:
Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

19 сәуір, жұма күні ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Ақтөбе, Астана, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы