Бүгін футболдан Премьер-лига командаларының төртінші туры басталады

1 Сәуір 2023, 10:10
787
Бөлісу:
Бүгін футболдан Премьер-лига командаларының төртінші туры басталады
Фото: qazaquni.kz

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 4-туры басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған тур 1 және 2 сәуір күндері өтеді. Бүгін, 1 сәуірде 3 ойын болса, 2 сәуірге қалған 4 кездесу белгіленген.

Бүгін, сағат 14:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Қайсар» (Қызылорда) төртінші турдың шымылдығын түреді. 

Одан кейін 16:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қайрат» (Алматы), 18:00-де «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) кездеседі.

Ал 2 сәуір күні, сағат 15:00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тобыл» (Қостанай), 17.00-де «Ақтөбе» мен «Қызылжар» (Петропавл), «Атырау» мен «Оқжетпес» (Көкшетау) жасыл алаңға шығады. 

Аталған турды сағат 19:00-де «Астана» мен «Ордабасы» (Шымкент) командалары түйіндейді.

Өзгелердің жаңалығы