Бүгін – Отан қорғаушылар күні

7 Мамыр 2024, 09:13
353
Бөлісу:
Бүгін – Отан қорғаушылар күні

Бүгін қазақстандықтар Отан қорғаушылар күнін атап өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дәл осы күні, 1992 жылы 7 мамырда еліміздің тұрақтылығы мен аумақтық тұтастығының, әскери қауіпсіздігінің кепілі болған Ұлттық Қарулы Күштерін құру туралы жарлыққа қол қойылды.

Мереке қарсаңында Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геоосаяси тұрақсыздық белең алған қазіргі жағдайда мықты әрі дайындығы сақадай сай әскердің маңызы айтарлықтай арта түскенін атап өтті.

Бүгінде айбынды армиямыз – елдегі тұтастық пен тыныштықтың мықты қалқаны. Қуатты әскеріміз бейбітшілік пен берекелі өмірді қас қақпай күзетіп тұр. Олар қай кезде де қастерлі Отанымызды қорғауға дайын. «Ер жігітке жарасар, қолындағы найзасы» деп әйгілі Бұқар жырау батырлық пен ерлікті ерекше дәріптеген. Шын мәнінде, әскер – мемлекеттің аса маңызды символы. Мен сарбаздарымыздың жауынгерлік рухы жоғары болғанын мақтан етемін», - деді Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсімінде.

Өзгелердің жаңалығы