Еліміздің 8 жоғары оқу орны әлемдік рейтингке кірді

24 Наурыз 2023, 11:57
3354
Бөлісу:
Еліміздің 8 жоғары оқу орны әлемдік рейтингке кірді
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

QS World University Rankings by Subject 2023 ‒ әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне барлығы 161 елден 1595 университет, оның ішінде 8 қазақстандық жоғары оқу орны қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рейтингке кірген университеттер: 

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ; 

Satbayev University;

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; 

Абай атындағы ҚазҰПУ; 

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті; 

Suleyman Demirel University; 

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті; 

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті.

 Айта кетейік, Еуразия ұлттық университетінің 3 пәні халықаралық рейтингтің алғашқы жүздігіне кірді.

Олар – «Қазіргі заманғы тілдер», «Лингвистика», «Қонақжайлылық және демалысты басқару» пәндері.

Әлемдегі жоғару оқу орындарында оқытылатын пәндердің сапасын Ұлыбританияның Quacquarelli Symonds агенттігі бағалады.

Өзгелердің жаңалығы