Елордада суға батып бара жатқан әйел мен иті құтқарылды

1 Ақпан 2023, 14:00
910
Бөлісу:
Елордада суға батып бара жатқан әйел мен иті құтқарылды

Итін құтқармақ болып ұмтылған әйелдің әрекетінен нәтиже шықпай, өзі де суға бата бастаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада Есіл өзеніне батып бара жатқан әйел мен иті құтқарылды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

31 қаңтар күні таңғы сағат 9.22-де елордалық ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Кенесары көшесі ауданында Есіл өзеніне иттің суға батып бара жатқаны туралы хабарламаға шықты. Белгілі болғандай, әйел итпен серуендеп жүрген, кенет жануар өзен үстіне жүгіріп шығып, мұз астына түсіп кеткен, - делінген ведомство хабарламасында.

Итін құтқармақ болып ұмтылған әйелдің әрекетінен нәтиже шықпай, өзі де суға бата бастаған. Сол уақытта сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам құтқарушылар келгенге дейін әйелді судан алып шыққан.

ТЖД бөлімшелері келген кезде ит әлі де суда болды. Құтқарушылар дереу итті судан шығаруға кірісті. Бақытымызға орай, құтқару операциясы сәтті аяқталды, ит иесіне тапсырылды. Әйел мен үй жануарының жағдайы жақсы, олардың өміріне еш қауіп жоқ, - деді ТЖД-дан.

Өзгелердің жаңалығы