Елордадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаев есімі берілді

7 Мамыр 2024, 01:19
375
Бөлісу:
Елордадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаев есімі берілді
Фото: baq.kz

Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына биыл 100 жыл. Жеңіс күні қарсаңында даңқты ердің есімі елордадағы №44 мектепке берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Даңқты батырдың ұрпағы мен көзін көргендер жиналып, ерлігін тағы бір мәрте еске алды. Елордадағы бұл білім ордасы енді – Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың есімімен аталады. Мектепте мемориалды ескерткіш тақта мен әскери сынып ашылды. Ерлігі баршаға аян қаһарманның есімі бүгін осылай ұлықталды.

«Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген қазақта мақал бар. Сол сияқты біздің миссиямыз – өскелең ұрпақтарымызды патриоттық тәрбиеге баулу, - деді Р.Қошқарбаев атындағы №44 мектеп директоры Ләззат Құлтаева.

Салтанатты шараға батырдың туыстары да қатысты. Жақында Ақмола облысы Тайтөбе ауылында батырдың бюстін орнату жоспарда бар. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті тарихи тұлғаларды құрметтеу маңызды екенін айтқан болатын.

Айбын ордені кәдімгі әскери ерлігі үшін берілетін орден. Оның үлкен символдық мәні бар деп айтуға болады. Біз өзіміздің тарихи Қазақстанның мұрагері ретінде біздің батырларымыздың мұрагері деп көрсетіп жатырмыз, - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркін Әбіл.

Сын сағатта елін қорғаған арда­гер­лерімізді құрметтеу – парыз. Ал бүгінде батырдың ерлігі ескерусіз қалмады. ІІІ дәрежелі Айбын ордені енді Рақымжан Қошқарбаев есімімен аталатын болды.

Өзгелердің жаңалығы