Газада қаза тапқандар саны 34 мыңнан асты

20 Сәуір 2024, 08:26
363
Бөлісу:
Газада қаза тапқандар саны 34 мыңнан асты
Фото: aa.com.tr

Газа секторында 2023 жылдың күзінен бері толассыз жасалған израильдық шабуыл салдарынан қаза тапқан палестиналықтар саны 34 012 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Anadolu агенттігінің мәліметінше, бұл туралы Газа секторы палестиналық денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында айтылған.

Соңғы тәуліктің өзінде Израиль тарапынан жасалған шабуылдан 42 палестиналық көз жұмды. 63 адам жарақат алды, - делінген хабарламада.

Бүлінген ғимараттардың үйінділерінің астында және жол бойында қайтыс болғандардың денелері әлі жатыр. Жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс күшінің бригадасы ол жерде израильдық күш тарапынан келтірілген кедергілер салдарынан жете алмады.

Өзгелердің жаңалығы