Глубокое ауданында 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы биыл аяқталады – ШҚО

1 Сәуір 2023, 07:30
859
Бөлісу:
Глубокое ауданында 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы биыл аяқталады – ШҚО
Фото: nform.kz

Глубокое ауданында салынып жатқан 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы биыл аяқталады. Бұл туралы Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ағымдағы жылы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, қайта жөндеуден өткізу мен 30 ауылдық елді мекенде орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, - деді аудан әкімі.

Жалпы аудан бойынша ағымдағы жылы 57 жобаны іске асыруға 2,2 млрд. теңгеден астам қаражат жоспарланған.

Сондай-ақ аудан әкімі биыл көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталатынын да атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы