Испанияда орман өртеніп жатыр

1 Сәуір 2023, 16:38
703
Бөлісу:
Испанияда орман өртеніп жатыр
Фото: meteovesti.ru

Испанияның солтүстігінде ірі орман өрттері жалғасуда. Бүгінгі таңда 120-ға жуық өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өртті сөндіруге 600 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Билік апатты арнайы ұйымдастырған топ жасады дейді. Солтүстік аймақ басшысы Twitter-де оларды өрт лаңкестері деп атаған. Жергілікті өңірдің полиция қызыметкерлері тергеуді бастап кеткен. Өртті ұйымдастырған күдіктілер әлі анықталған жоқ. 

Температураның 30 градусқа дейін көтерілуі өртті өршіте түскен. Қатты құрғақ жел өрт сөндірушілерге өртті ауыздықтауда қыйндық тудырған. 

Осылайша, Астериа провинциясының бірнеше қаласының тұрғындары эвакуацияланды. 

«Бұл қасақана жасалған өрт екені анық. Мен олардың мұны қандай мақсатпен жасағанын білмедім. Бірақ бұл экология үшін толық апат екенін анық білеміз, тұрғындардың мүліктері жойылды. Құрғақшылық пен жел жағдайды бақылауға мүмкіндік бермей отыр», – дейді жергілікті тұрғын Андрес Перес.

Өзгелердің жаңалығы