Каспийдегі итбалықтар саны 311 мыңға жуықтады

30 Наурыз 2023, 08:25
480
Бөлісу:
Каспийдегі итбалықтар саны 311 мыңға жуықтады
Фото: atr.kz

Каспийдегі итбалықтар саны 300 мыңнан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Каспий теңізі фаунасындағы сүтқоректінің популяциясын сақтау мақсатында бірқатар шаралар қабылданған.

Ақпаратқа сәйкес, Мемлекет басшысының «Каспий итбалығы популяциясын сақтау мақсатында табиғи резерват құру» тапсырмасын орындау шеңберінде резерват құрудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасы әзірленді.

Әрі қарай ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрудың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленетін болады. Қазіргі таңда 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді қаржыландыру көзделген. Жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздеме бойынша 2024 жылдың шілдесіне дейін Каспий теңізінің акваториясында заңды тұлға нысанында мемлекеттік табиғи резерват құру жоспарлануда, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы