Көлік прокуратурасы 900-ден аса кәсіпкердің құқығын қорғады

19 Сәуір 2024, 19:09
277
Бөлісу:
Көлік прокуратурасы 900-ден аса кәсіпкердің құқығын қорғады

Ақмола көлік прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша кәсіпкерлерге елдің теміржол вокзалдарында үй-жайлар мен коммерциялық алаңдарды жалға беру кезінде баға саясатында бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, Қадағалау органының назарына «ҚТЖ «ҰК» АҚ–«Магистральдық желі дирекциясы» филиалының кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған 923 шарт бойынша жалдау құнын 20%-ға арттыру туралы шешім қабылдау фактісі түсті. 

Жалға беруші мұны пандемия кезінде және бизнесмендерге жеңілдіктермен келтірілген шығындарды өтеу қажеттілігімен негіздеді. Прокуратурамен осындай жағдай кәсіпкерлік және теміржол көлігі туралы заңнаманың базалық қағидаттарына қайшы келетінін анықтаған. Осылайша, бірдей жағдайларда жалға алу төлемдерінің әр түрлі тарифтері қолданылып, бұл вокзал шаруашылығының жалға алынған объектілеріне қол жеткізу үшін кәсіпкерлерге қатысты кемсітушілігін көрсеткен. Осыған байланысты, Ақмола көлік прокуратурасының наразылығымен «ҚТЖ «ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының жалдау төлемдерін күрт арттыру туралы заңсыз шешімі жойылды, - делінген хабарламада.

Ұлттық компанияның кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы