Константин Малиновский нысана көздеуден әлем чемпионатының финалына шықты

19 Сәуір 2024, 06:40
280
Бөлісу:
Константин Малиновский нысана көздеуден әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында нысана көздеуден лицензиялық Әлем Кубогының шешуші кезеңі өтіп жатыр. Константин Малиновский нысана көздеуден Қазақстан рекордын жаңартып, Әлем кубогының финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

50 метрден винтовкамен 3 позицияда нысана көздеуде Константин Малиновский іріктеуде 2-орын алды. Ол осы сайыста 593 ұпай жинап, Қазақстан рекордын қайта тіркеді.

Енді Константин ертең финалда жүлдеге таласады. Айта кетейік, Малиновский жылдың басында Азия чемпионатында Париж Олимпиадасының лицензиясына иелік етіп қойған.

Константин екі іріктеу күнінде жоғары нәтиже көрсетті. Әр оқты барынша дәл тигізуге тырысты. Ертең финалда осы қарқынын жалғастырады деп сенеміз. Бірнеше күн қатарынан осылай салқынқанды өнер көрсеру оңай емес. Бұл спорттың қызығы да осында. Тәжірибе осылай келеді. Константин үшін Қазақстан рекорды өте жақсы белес. Дегенмен біздің мақсатымыз бұдан биік екенін білемін, - деді Ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Өзгелердің жаңалығы