«Күрт көтерілуіне жол бермейміз». Скляр Екібастұз бен Риддердегі жылу бағасы туралы айтты

1 Ақпан 2023, 17:54
1278
Бөлісу:
«Күрт көтерілуіне жол бермейміз». Скляр Екібастұз бен Риддердегі жылу  бағасы туралы айтты
Фото: Турар Казангапов

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Энергетика министрлігінің Екібастұз бен Риддердегі коммуналдық қызмет бағасының жайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Екібастұздағы жылу жүйесі түгелдей жөнделіп, жаңартылған тұрғын үйлерде мәселе жоқ. Ал жылу магистралінен алыс жатқан үйлерде мәселесі әлі де шешілмеген.

Бізде үш проблемалы қала бар. Олар: Екібастұз, Риддер және Теміртау. Бұл қалалар айрықша бақылауда. Мен бұл қалалардығы ахуал туралы үнемі мәлімет алып отырмын. Екібастұз туралы айтсақ, қайта-қайта жылу жеткілікті деңгейде берілмей жатыр. Сондықтан қала әкімдігі, облыс әкімдігі бұл мәселені қадағалап отыр. Тиісінше оперативті түрде қайта есептеулер жүргізіліп жатыр, - деді Роман Скляр.

Сөзінше, тарифтерді көтеру - күрделі мәселе.  

Үкімет пен өкілетті органға тең ортасын табу керек. Коммуналдық қызмет құны күрт көтерілмеуі қажет. Жекелеген өңірлерде тіптен зардап шекпеуі керек. Халық сапалы қызмет алуы қажет. Бірақ біз аталған қызметтердің құны күрт көтерілуіне жол бермейміз. Бұған дейін де жол берген жоқпыз. Бұдан кейін де жол бермейміз, - деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Энергетика министрлігінің алқа отырысынан кейін. 

Өзгелердің жаңалығы