Мағжан-130. Қошанов жаңа челленжге қолдау білдірді

3 Ақпан 2023, 20:42
1721
Бөлісу:
Мағжан-130. Қошанов жаңа челленжге қолдау білдірді

Бұл туралы «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толып отыр.

Осыған орай Мағжанның туған ауылы – Сарытомар ауылынан 7 сынып оқушысы Жасмин Қалдыбек қызымыз «Мен жастарға сенемін!» атты челлендж бастап, алғашқы болып маған жолдаған екен. Мен бұл ұсынысты қабыл алдым.

Жастарымыздың, балаларымыздың ұлт тарихы мен руханиятына деген құштарлығы бізді ерекше қуантады.

Эстафетаны Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетке және қазақ тілін дамытуға зор үлес қосып жүрген қарындасымыз Ольга Спиринаға жолдаймын! #МағжанЖұмабаев130 #Менжастарғасенемін, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы