Мәулен Әшімбаев: Бұл – татулық пен достықты нығайтатын мереке

1 Мамыр 2024, 10:29
363
Бөлісу:
Мәулен Әшімбаев: Бұл – татулық пен достықты нығайтатын мереке

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай әлеуметтік желілеріндегі парағында құттықтау жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті достар! Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күніменшын жүректен құттықтаймын! Бұл – татулық пен достықты дәріптейтін, бейбітшілік пен келісімді нығайтатын және ырыс пен ынтымақты арттыратын мереке, - деді Сенат төрағасы.

Халқымыз қашанда осы құндылықтарға табантіреп, қандай жағдай болса да мызғымас бірліктіңозық үлгісін көрсетіп келеді. Биыл алапат су тасқыныкезінде оған тағы бір мәрте көз жеткіздік.

Шын мәнінде, жұдырықтай жұмыла білгенжұрттың алар асуы биік болады. СондықтанПрезидентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевҚазақстан халқы Ассамблеясының сессиясындасөйлеген сөзінде бірлік пен ынтымақ мемлекеттіксаясаттың бұлжымас бағдары болып қала беретінінбаса айтты. Бұл ретте бүгінгі мейрамның мәні мен маңызы айрықша зор екені анық. Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық, әр отбасынашаттық пен қуаныш тілеймін! Бірлігіміз жарасып, берекеміз арта берсін, - деді Мәулен Әшімбаев.

Өзгелердің жаңалығы