Нұржігітов оқушылармен бірге ағаш көшетін отырғызды

31 Наурыз 2023, 22:01
770
Бөлісу:
Нұржігітов оқушылармен бірге ағаш көшетін отырғызды

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Т.Рысқұлов ауданындағы жұмыс сапары барысында Құлан ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы орта мектепке барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2020 жылы күрделі жөндеуден өткен мектепте қазіргі таңда 320 оқушы білім алуда.

Аймақ басшысы оқу ордасының жұмысымен танысып, оқушылармен әңгімелесті.

Еліміздің жарқын болашағы үшін балалардың білімді, жан-жақты болып өсуі керектігін атап өтті.

Аймақ басшысы мектеп оқушыларымен бірге ағаш көшеттерін отырғызып, жақсы тілек тіледі.

Айта кетейік, ағымдағы жылы аудан бойынша 20 мың ағаш отырғызу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы