Париж-2024: Күрестен лицензиялық турнирдегі қарсыластарымыз белгілі болды

19 Сәуір 2024, 12:07
243
Бөлісу:
Париж-2024: Күрестен лицензиялық турнирдегі қарсыластарымыз белгілі болды
Фото: olympic.kz

19-21 күндері Бішкекте күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтіп, Париж олимпиадасының 36 жолдамасы үлестіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеше Қырғызстан астанасында жеребе тарту рәсімі өтіп, боз кілемге шығатын 16 балуанымыздың алғашқы қарсыластары анықталды. Әр салмақ бойынша финалға шыққан спортшылар 4 жылдықтың басты додасы – Париж олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алады.

Сонымен спортшыларымыз Бішкектегі алғашқы кездесулерін төмендегі балуандармен өткізеді:

Еркін күрес (19 сәуір )

57 келі
Ерасыл Мұхтарұлы – Аман (Үндістан)
65 келі 
Майис Әлиев – Ассаф (Палестина)
74 келі 
Нұрғожа Қайпанов – Афан (Филиппин)
97 келі 
Әлішер Ерғали – Хемеляев (Түркіменстан)/Аронов (Қырғызстан) жұбының жеңімпазымен шығады.
125 келі 
Юсуп Батырмұрзаев – Анвар (Пәкістан)

Әйелдер күресі

50 келі 
Лаура Ғаниқызы – Шакаршоева (Тәжікстан)
53 келі (
Жұлдыз Ешімова – Нгуиен (Въетнам)
57 келі 
Эмма Тисина – Хонг (Қытай)
62 келі 
Ирина Кузнецова – Манси (Үндістан)
68 келі 
Елена Шалыгина (Топтық айналым)
76 келі 
Жәмила Бақбергенова (Топтық айналым)

Грек-рим күресі (21 сәуір)

60 келі 
Айдос Сұлтанғали – Албидхан (Ирак)
67 келі 
Мейіржан Шермаханбет – Атдаев (Түркіменстан) 
77 келіде

Демеу Жадыраев – Барнави (Сауд Арабиясы)/Езимов(Түркіменстан) жұбының жеңімпазымен шығады.
97 келі де 
Олжас Сырлыбай – Наказато (Жапония)

130 келі Әлімхан Сыздықов – Курраев (Түркіменстан)

Айта кетейік, бұл Париж олимпиадасының жолдамасы үлестірілетін 2-ші турнир. Бұған дейін 2023 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында Олимпиаданың 90 жолдамасы таратылған еді. Сол сәтте Қазақстаннан 86 келіде Азамат Дәулетбеков (еркін күрес) пен 87 келіде Нұрсұлтан Тұрсыновқа(грек-рим) лицензия бұйырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы