Полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады

1 Мамыр 2024, 12:17
360
Бөлісу:
Полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады
Фото: Polisia.kz

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

15 сәуірден бастап республика аумағында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын қоқысқа белгіленбеген жерлерде қалдырып кету, сұйық қалдықтарды заңсыз төгу фактілеріне жол бермеу бойынша арнайы акция өткізіліп жатыр.

Акция басталғалы бері полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады. Олардың 32-сі елді мекендерден шалғай жерлерде орналасқан. 

Жалпы 19 274 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 5 488 факті ортақ пайдалану орындарын ластаумен, 13 786 факті абаттандыру ережелерін бұзумен байланысты. 

ІІМ азаматтарды табиғатты аялауға, қоршаған ортаны ластамауға, экологиялық заңнаманы сақтауға шақырады.
 

Өзгелердің жаңалығы