Прокурор Нүкенованың басына ұйыған қан мөлшерін көрсетті

2 Мамыр 2024, 11:42
1581
Бөлісу:
Прокурор Нүкенованың басына ұйыған қан мөлшерін көрсетті
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Бишімбаевтың сотында мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Салтанат Нүкенованың миына қанша қан ұйығанын көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мөлшері - 70 миллилитр гематома! Мұндай мөлшер ауыр жағдайға апарады, адам өліп кетуі мүмкін. Ал Салтанатта 230 миллилитр гематома болған, - дейді Аймағанова.

Прокурор ұйыған қандарды қолымен салыстырды. Оның айтуынша, Салтанаттың миы қысылған.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Бишімбаевтың Нүкеноваға жазған хаттарын тексеретінін айтқан еді.  

Өзгелердің жаңалығы