Қарағандыда 4500 бизнес-жоба қолдау тапты

1 Ақпан 2023, 22:37
961
Бөлісу:
Қарағандыда 4500 бизнес-жоба қолдау тапты
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен

Қарағанды облысы бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер рейтингінде еліміздегі үздік бестікке кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қолайлы климат үшін жаңа құралдар енгізіліп жатыр. Мысалы, биыл кәсіпкерлер көптен сұраған геоақпараттық портал іске қосылады. Бұл жер учаскелерін беру процесін ашық етеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев кәсіпкерлермен кездесуде өңірдегі бизнестің дамуына тағы не кедергі болатынын талқылады.

Шағын және орта бизнес секторында облыстың барлық жұмыспен қамтылған халқының 40%-дан астамы жұмыспен қамтылды. Өткен жылы 5 мыңнан астам компания мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланды. Біз бастамашылық еткен "Кәсіпкер" өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бизнес үшін үлкен көмек болды. Оның сұранысын ескере отырып, биыл несие портфелін үш есеге арттыруды жоспарлап отырмыз. Біздің міндетіміз - болашақта экономиканың өсу нүктесіне айналатын 4,5 мыңға жуық бизнес жобасын қаржыландыру, – деп атап өтті өңір басшысы.

Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Рустам Байжанов геопортал құру туралы толығырақ айтып берді. Оның айтуынша, іске қосылғаннан кейін жер учаскелерін рәсімдеу оңай әрі жылдам болады. Қызметті автоматтандыру үшін бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрымен және электрондық үкімет порталымен интеграция жасалды.

Кәсіпкерлер цифрлық құралдың ыңғайлылығы бойынша өз ұсыныстарын енгізді.

Кездесуде бар проблемалар да талқыланды. Кәсіпкерлер электр энергиясына тарифтердің қалыптасуын өзгертуді сұрайды. Сонымен қатар, жұмысшы кадрлардың жетіспеушілігі, гранттық қаражаттың пайдаланылуын бақылау қажеттілігі туралы айтылды. Туризмді дамыту, құрылыс жұмыстарының ЖСҚ түзету мәселелері көтерілді.

Сіздердің барлық сұрақтарыңызды бақылауға аламын. Кадрларды даярлау және туризмді дамыту бойынша жеке жиындар өткіземіз. Сараптамалық кеңес форматында үнемі кездесіп тұратын боламыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Өзгелердің жаңалығы