Қарағандыда агроөнеркәсіп кешенінің дамуына 15 млрд теңге бөлінді

29 Наурыз 2023, 18:40
727
Бөлісу:
Қарағандыда агроөнеркәсіп кешенінің дамуына 15 млрд теңге бөлінді
Фото: inbusiness.kz

Биылғы жылы Қарағанды облысында агроөнеркәсіп кешенінде 19 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр, деп хабарлайды Қарағанды облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Жоба барысында 168 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. 

Қарағанды облысы ауыл шаруашылық басқармасының мәліметінше, аймақтағы агрөнеркәсіп саласын дамытуға үстіміздегі жылы 14,9 млрд теңге жұмсалмақ. Аталған жобалар 2022-2026 жылдарға арналған инвестициялық жобалардың жол картасы шеңберінде іске асырылуда. Осы төрт жылда аймақтың агроөнеркәсіп саласында 72 жоба іске асырылып, барлығы үш мыңнан аса жұмыс орны құрылатын болады.

Үстіміздегі жылы малшаруашылық саласында жеті жоба іске асырылады. Жобалардың жалпы құны 1,4 млрд теңгені құрамақ. Бұл салада 63 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Егіншаруашылығы және өсімдікшаруашылығы салаларында жалпы соммасы 10,5 млрд тенге көлеміндегі 11 жобаны іске асыру жоспарлануда. 67 жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, қайта өңдеу саласында 3 млрд теңгенің 1 жобасы жасалып, 37 адамды жұмыспен қамтитын болады, - дейді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сырым Бошпанов. 

Өңірдегі ірі жобалардың қатарында картоп сақтауға арналған жаңа 3 қойманы айтуға болады. Бұқаржырау, Шет және Осакаров аудандарында салынатын қоймаларда жалпы соммасы 2,5 миллион теңгені құрайтын 25,2 мың тонна картоп сақталатын болады. 

Суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары да жүргізілетін болады. Осакаров және Абай аудандарындағы екі шаруашылықта құны 3,5 млрд теңге болатын жоба іске асырылады, 732 гектар суармалы жер қайта қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, Қарқаралы ауданында ірі қараның «Абердин ангус» тұқымының аналық басын 500-ге дейін көбейту жоспарлануда. Бұл үшін 345 миллион теңге бөлінген, - деп атап өтті басқарма басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы