Қарақат Әбден «Ауыл» партиясына кірді

4 Ақпан 2023, 12:20
2357
Бөлісу:
Қарақат Әбден «Ауыл» партиясына кірді
Фото: mail.kz

Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Шақырылған қонақтардың арасында президенттікке кандидат болған Қарақат Әбден көзге түсті. 

Қарақат Әбденнің партиямызға кіргені рас. Байқаған болсаңыздар, президент сайлауы кезінде оның концепциясы халық дәстүрімен, «Ауыл» партиясының бағытымен байланысты еді. Сондықтан оның тұжырымдамасына айналған дәстүр, мәдениетті, адами капиталды, шығармашылықты дамыту да – біздің бағдарламамыздың негізгі бағыттарының бірі. Сол үшін біз оны қуана-қуана қатарымызға қостық. Бұл партиялық тізім құрамын қабылдау мен оны ұсынуға да қатысты. Барлығы съезде шешіледі, - деді партия төрағасы Әли Бектаев. 

Өзгелердің жаңалығы