Қауіпті зат тиелген пойыз рельстен шығып кетті

5 Ақпан 2023, 12:44
1281
Бөлісу:
Қауіпті зат тиелген пойыз рельстен шығып кетті
Фото: 24.kz

Американың Огайо штатында қауіпті зат тиелген жүк пойызының 50 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ АР агенттігіне сілтеме жасап. 

Көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық  кеңестің өкілі Майкл Грэм вагондар рельстен шыққанда алапат өрт басталғанын айтты. Теміржолдар жабылды. 

Жүзден астам вагоны бар пойыздың жиырмасында винилхлорид болған. Ол жанған кезде бөлінетін газ қоршаған ортаға қауіпті, ал заттектің өзі улы әрі жылдам тұтанғыш. Винилхлориді бар қанша вагонның бүлінгені туралы ақпарат жоқ. Алайда жергілікті өрт қауіпсіздігінің басшысы ондай вагондарда газдың шығуының алдын алатын тетіктер жұмыс істейді деп отыр. 

Басқа вагондарда химиялық заттектер болған. Олардың толық тізімін жергілікті және федералдық билік өрт сөндірушілерге жібереді. 

Оқиға салдарынан қайтыс болғандар  мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.  

Өзгелердің жаңалығы