Құлсары қаласынан 3 млн текше метр тасқын су сорылды

1 Мамыр 2024, 15:15
444
Бөлісу:
Құлсары қаласынан 3 млн текше метр тасқын су сорылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан сорылған тасқын судың көлемі 3 млн текше метрді құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, Құлсары қаласының аумағын құрғату жұмысы жалғасып жатыр.

Қазір тасқын суды сору жұмысына 222 адам, 97 арнайы техника, 2 жүзу құралы, 43 мотопомпа, 4 АЕМ-500 құрылғысы тартылып отыр. Тұрғын үйлер мен нысандардан сорылған судың жалпы көлемі 3 млн текше метрге жетті, -деп хабарлады облыстық жедел штабтан.

Сондай-ақ, Құлсары қаласында электр желілері мен газбен жабдықтау құрылғыларын қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатта 4 бригада мен 5 арнайы техника тартылған.

Өзгелердің жаңалығы