Құлсары қаласында 15 мың текше метр су сорылды

19 Сәуір 2024, 20:01
287
Бөлісу:
Құлсары қаласында 15 мың текше метр су сорылды
VIDEO
Фото: скрин

Зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету мақсатында мемлекеттік материалдық резервтен көшпелі сорғы станциялары броньнан шығарылды, олар секундына 500 текше метр су соруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында 2 көшпелі сорғы станциясы жұмылдырылды.

Өткен тәулікте олардың көмегімен 15 мың текше метр су сорылды.

Өзгелердің жаңалығы