Құлсарыда құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстарын жалғастыруда

6 Мамыр 2024, 23:27
331
Бөлісу:
Құлсарыда құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстарын жалғастыруда
Фото: скрин

Атырау облысының Құлсары қаласында ҚР ТЖМ құтқарушылар күштерінің топтары 2900 үйден су айдау жұмыстарын жүргізген болатын. Қазіргі таңда тек 20 жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалада авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Солардың бірі – түркістандық құтқарушылар тобы өнімділігі секундына 500 литрді құрайтын жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен суды сору жұмыстарын жүргізуде.

Өңірдің эвакуациялық пункттерінде 585 адам бар, олардың 279-ы балалар. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 7 сәуірінен бастап облыста жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталуда.

Өзгелердің жаңалығы