Риддердегі ЖЭО тұтынушыларға 63 млн теңге қайтарды

5 Ақпан 2023, 12:28
743
Бөлісу:
Риддердегі ЖЭО тұтынушыларға 63 млн теңге қайтарды

ШҚО прокуратурасы Мемлекет басшысы мен Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша «Риддер ЖЭО» АҚ-ның қызметін тексереді, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Нәтижеде жылу энергиясының жеткіліксіз берілгені және оның сапасының нашар болғаны анықталды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы табиғи монополияларды реттеу департаментінің атына кәсіпорында қайта есептеу жүргізу жөнінде қадағалау актісін енгізді.

Ал департамент қайта есептеуден кейін «Риддер ЖЭО» АҚ 21,7 мың тұтынушыға 63 млн. теңге қайтарады деген ұйғарым шығарды.

Өзгелердің жаңалығы