Садақ ату: ел құрамасы алғаш рет Әлем кубогында жүлдеге ие болды

25 Сәуір 2024, 05:18
276
Бөлісу:
Садақ ату: ел құрамасы алғаш рет Әлем кубогында жүлдеге ие болды
Фото: gov.kz

Садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

Айжан Сейдахметова, Адель Жексенбинова мен Виктория Лян үштігі құралмалы садақтан (compound) жүлде үшін кездесуде Эстония мергендерінен басым түсті. Есеп: 231-224.

Осылайша, біздің команда айтулы нәтижеге қол жеткізді. Осыған дейін әйелдер құрамасы Әлем Кубогында тұғыр сатысына көтеріле алмай келген.

Айта кетейік, кеше Ұлттық құрама ширек финалда көшбасшылардың бірі Оңтүстік Кореядан басым түсіп (234-230), жартылай финалда Италияға бір ұпай айырмасымен есе жіберді.

Өзгелердің жаңалығы