Садыр Жапаров: Қазақстан мен Қырғызстан арасында ешқандай саяси қарама-қайшылық жоқ

19 Сәуір 2024, 12:27
274
Бөлісу:
Садыр Жапаров: Қазақстан мен Қырғызстан арасында ешқандай саяси қарама-қайшылық жоқ
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақордада Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Қазақстан делегация мүшелері бір туған қазақ жерінде, керемет Астана шаһарына келгеніме қуаныштымын. Ең алдымен, бауырлас Қазақстан Республикасына ресми сапармен келуге шақырғаныңыз үшін құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы сізге зор ризашылығымды білдіремін, - деп сөзін бастады Қырғызстан президенті.

Жапаров Қырғыз делегациясына көрсетіліп жатқан қонақжайлық және іссапарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін қазақ тарапына алғысын білдірді.

Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Жоғарғы мемлекетаралық кеңестің кезекті алтыншы жиынын өткізіп жатырмыз. Бұл іс-шара аясында мемлекеттеріміздің арасындағы мәмілелер жаңа деңгейге көтеріп, қырғыз-қазақ байланыстарының кеңейе түсетініне сенемін. Бүгінгі кездесуіміз серіктестік, стратегиялық рухында өтіп жатқаны қуантады, - деп айтты бауырлас елдің басшысы кездесуде.

Қырғызстан Қазақстанмен бірлескен екіжақты келісімдерді тереңдетуге бағытталған саясатты ұстанады.

Елдеріміздің арасында ешқандай саяси қарама-қайшылықтар жоқ, - деді Садыр Жапаров.

Өзгелердің жаңалығы