Сайлау-2023. Exit poll-дың алғашқы нәтижесі жарияланды

20 Наурыз 2023, 00:07
11244
Бөлісу:
Сайлау-2023. Exit poll-дың алғашқы нәтижесі жарияланды
Фото: Артём Чурсинов

Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша Exit poll-дың алғашқы нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 
 

 «Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Еxit poll нәтижесі мынадай:

«Amanat» партиясы - 53,46% 

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 10,52% 

«Respublica» партиясы - 8,90%

Қазақстан Халық партиясы - 6,25% 

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 3,22% 

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы  - 7,87% 

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 5,31%.

Бәріне қарсымын деп - 4,47% дауыс берген. 

Нәтижені «Сайлау-2023» онлайн марафонында Еуразиялық интеграция институтының өкілі жариялады.

Еске салайық, ел аумағы бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы