Семейде санитарлық тазалық науқаны басталды

1 Сәуір 2023, 14:34
984
Бөлісу:
Семейде санитарлық тазалық науқаны басталды
Фото: facebook.com/groups/abaiaqparatkz

Абай облысының орталығында санитарлық тазалықтың екі айлығы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қазақпарат жазды. Жалпықалалық тазалық акциясы аясында қаладағы қоғамдық орындар, аялдама павильондары және қоғамдық көлік салондары да тазартылып жатыр.

Семейде қала әкімінің қаулысына сәйкес, «Таза табиғат» акциясы шеңберінде жалпықалалық сенбілік ұйымдастырыла бастады. Қазіргі уақытта қаладағы мекемелерге, кәсіпкерлік нысан иелеріне, тұрғын үйлерді басқару ұйымдарына хабарлама жіберілді. Әркім өзіне тиесілі аумақты тазартуы тиіс. Егер тазалық жұмыстары жүргізілмесе, жергілікті полиция қызметкерлерімен рейд жұмыстары жүргізіліп, айыппұл салынады, - деді Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Олжас Соғымбай.

Айта кетейік, экологиялық шара сәуірдің 1-і нен басталып, мамыр айының 27-не дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы