Шымбұлақ тау-шаңғы курортының маңында бірнеше қар көшкіні жүрді

29 Наурыз 2023, 22:04
773
Бөлісу:
Шымбұлақ тау-шаңғы курортының маңында бірнеше қар көшкіні жүрді
Фото: qazaqstan3d.kz

Шымбұлақ тау-шаңғы курорты аумағында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ биіктікте және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты (қардың биіктігі 90-140 см) қолдан қар көшкіні жүргізілді. Көшкін «Қазгидромет» РМК ұсынысы негізінде жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазселденқорғау» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 наурызда Кіші Алматы өзенінің алабындағы №26Б қар көшкіндерін жинау орнында (Талғар асуы) қар түсіру жұмыстары жүргізілді. Түсірілген қар көлемі 900 текше метрді құрады, қар көшкіні тау шаңғы трассасына жетпей еңіске тоқтады.

Сол сияқты, №56 қар көшкінін жинау орнынан да түсірілген қар көлемі 5000 текше метрді қамтыды, қар көшкіні тау баурайының етегінде тоқтады.

Профилактикалық жұмыс кезінде зардап шеккендер мен шығындар болған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы