Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасымен 7 спорт алаңы салынады

30 Наурыз 2023, 07:10
775
Бөлісу:
Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасымен 7 спорт алаңы салынады
Фото: gov.kz

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Шымкент қаласында бірқатар әлеуметтік нысандардың салынуына сеп болып отыр,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жылы Қаратау ауданында осы бағдарлама шеңберінде 26 жоба бойынша аулалар абаттандырылып, ойын алаңшалары орнатылған. Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде 34 аулаға жаңадан балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылады, - деп жазды  Қаратау ауданы әкімдігі.

 Биыл аудан аумағында бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген. Осы мақсатта 2023 жылы 7 ашық спорт алаңшасын орнату көзделіп отыр. Оның ішінде, Тұран шағынауданында - 2, Нұртаста - 2, Таскен тұрғын алабында -2, Өтеміс тұрғын алабында – 2 және Шапырашты тұрғын алабына - 1 спорт алаңы салынады.

 Спорт алаңдарында жаттығуға арналған Workout элементтерімен бірге, демалушыларға арналған беседка, қоқыс жәшіктері және орындықтар қойылады. Мұндай бастама тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен белсенді айналысуға мүмкіндік береді. Айта кетсек, орнатылатын ойын және спорт элементтерінің басым бөлігі Шымкенттегі кәсіпорындарда өндірілген отандық өнімдер.

Өзгелердің жаңалығы